Қызылордада әйелін ұрып өлтірген ер адам досының үйінде жатқан жерінен ұсталды

Қызылордада әйелін ұрып өлтірген ер адам досының үйінде жатқан жерінен ұсталды

Қызылордада ішімдік ішіп, заңды некедегі әйелін өлтірген 29 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 29 жастағы ер адам заңды некедегі 27 жастағы әйелін мас күйінде ұрып-соққан. Соққының салдарынан ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.​

«Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы  1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полицей.
Бұған дейін әйеліне қол көтеретін ер адамдар көше сыпыруы мүмкін екенін жазған болатынбыз.