Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
714
оқылды
Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан адамды жүк көлігі қағып кетіп, жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 1 қыркүйек күні Қызылорда қаласының сол жағалау аумағында болған. «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды.
«Оқиға бойынша  Қылмыстық кодекстің 345-бабы  3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», – делінген Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарламасында.
Қазір тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.