Съезге 50 елден делегация келеді
Съезге 50 елден делегация келеді
Алдағы 14-15 қыркүйек күндері Қазақстанда Дәс­түрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VII съезі өт­пек. Халықаралық жиынға әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация, оның ішін­­де ислам, христиан, буд­­дизм, иудаизм, ин­дуизм, даосизм, зороас­тризм, синтоизм, сондай-ақ саяси және қоғам қай­раткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыспақ. СІМ хабарлауынша, съез­дің тақырыбы «Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көш­басшыларының пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеу­меттік-рухани дамуындағы рөлі» деп аталмақ. Оның ая­сын­да діндердің рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы, білім беру мен дінтанудың діндердің бейбіт өмір сүруіне ықпал етудегі, әсі­ресе діни негіздегі экстремизм­ге, радикализмге және тер­роризм­ге қарсы іс-қимылдағы рөлі және әйелдердің қоғам­ның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі туралы мәселелерді қамтитын төрт сек­циялық отырыс ұйымдас­тырылмақ.
«Алдағы діни форумның ерек­шелігі Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жо­ғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы Теофил III, Аш­кеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, сон­дай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар­дың өкілдері қа­тысады. Биыл съезд Тәуелсіздік сарайында өтеді. Сарайдың орналасу орны қазақстандық, сондай-ақ ше­телдік БАҚ үшін кең баспасөз орталығын ұйымдастыруға мүм­­кіндік береді. Бүгінде атал­ған іс-шараға 60 шетелдік БАҚ-тың 230-дан астам өкілі ак­кредит­телді. Сонымен қатар VII съезге, сон­дай-ақ Рим Па­па­сының са­парына шетелдік жур­налистерді аккредиттеудің жабылғаны туралы хабарлай­мыз», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сапар аясында Понти­фиктің Мемлекет басшысымен кездесуі, Қазақстан жұрт­шы­лығы мен дипломатиялық кор­пус алдында сөз сөйлеуі, Мес­сасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерле­рінің VII съезіне қатысуы жос­парлануда. Естеріңізге сала кетсек, бұл – Католик шіркеуі­ басшысының Қазақстанға екінші рет ат басын бұруы. Рим Папасын көру үшін Қазақстан­ға әлемнің түрлі елінен 3 мың адам келеді деп күтіліп отыр.