Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады akorda.kz. Қытай Халық Республикасының Төрағасына жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.