Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Фото: ainews.kz
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 324 адамнан анықталды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 390 587-ге жетті. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 62, Алматы қаласында – 29, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 27, Ақтөбе облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Абай облысында – 9, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 40, Ұлытау облысында – 5, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 11, Павлодар облысында – 12, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Түркістан облысында 3 адам.