Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.