Шығыс Қазақстанда өрт 700 гектарға жайылды

Шығыс Қазақстанда өрт 700 гектарға жайылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өрт 700 гектарға жайылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 2 қыркүйекте басталды. Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр. «Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды» делінген ресми ақпаратта.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)