Айтыскер ақын жаңа қызметке тағайындалды
Айтыскер ақын жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
6,181
оқылды
Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қызылорда облысы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Мұхтар Мәуленұлы Ниязов Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры болып тағайындалды. Мұхтар Ниязов 1985 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2013 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2009 жылы мәдениет саласында бастап, 2009-2011 жылдары «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. 2012-2015 жылдары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, 2016-2020 жылдар аралығында «Асыл арна» телеарнасында редактор, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында қызмет атқарған. 2020 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының жетекшісі қызметін атқарды.