Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот қаулысы шықты
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот қаулысы шықты
© inform.kz
600
оқылды
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысы бар деп танылған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өз күшінде қалдырды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұдан бұрын Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен шығарылған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты он тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қаралды. Аталмыш соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Абай Жарылқасын.
Сот өкілі қамауға алу мерзімі өткеннен кейін тергеу органы бұлтартпау шарасын ұзарту туралы сотқа жүгіне алады деп түсіндірді. Аталған іске қатысты өзге ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сай тергеу орындарынан білуге болады. Сот актісіне қатысты күдіктілердің өкілдері апелляциялық шағым түсірген болатын. Бұған дейін «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының салымшылары вайнер Мейіржан Төребаевты тергеу изоляторынан босату туралы өтініш жазғанын хабарлаған болатынбыз.