Абай облысында дала өрті тіркелді
Абай облысында дала өрті тіркелді
252
оқылды
Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді, – деп хабарлайды Semeynews.kz. Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәулікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді.
“Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9.10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазір  оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталып жатыр”, – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.