Талдықорған маңында пойыз бен көлік соқтығысты: 3 адам ауруханаға түсті
Талдықорған маңында пойыз бен көлік соқтығысты: 3 адам ауруханаға түсті
300
оқылды
Талдықорған қаласының маңында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«8 қыркүйек күні таңертең пойыз бен ВАЗ-2109 көлігі соқтығысты. Аталған факті Ескелді ауданында тіркелді. Анықталғандай, жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі локомотивтің таянып қалғанына қарамастан, теміржол өткелінен жылдам өтіп кетпек болған. Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге сүйреген. Көлік салонында болған үш адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция мәліметінде.