II Елизавета патшайым қайтыс болды
II Елизавета патшайым қайтыс болды
867
оқылды
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета  96 жасында өмірден өтті. Бұл туралы ақпарат Букингем сарайының сайтында жарияланды. Букингем сарайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, патшайым Шотландиядағы Балморал сарайында дүниеден өткен. Биыл патшайым II Елизаветаның таққа отырғанына 70 жыл толды. Патшайым британия тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх. II Елизавета  1952 жылы 6 ақпанда әкесі король VI Георгий  қайтыс болғаннан кейін жиырма бес жасында патшайым болған.