Оралда пойыз жасөспірім қызды қағып кетті
Оралда пойыз жасөспірім қызды қағып кетті
851
оқылды
Орал қаласында пойыз жасөспірім қызды қағып кетті. Оқиға 8 қыркүйек күні Орал-Желаев аралығында болды. Пойыз қағып кеткен 2007 жылғы қыз оқиға орнында жан тапсырды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. «Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.