ІІ Елизавета патшайымның қашан жерленетіні белгілі болды

ІІ Елизавета патшайымның қашан жерленетіні белгілі болды

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның жаназа рәсімі Вестминстер аббаттығында дүйсенбі, 19 қыркүйек күні өтеді. Бұл туралы Букингем сарайының Twitter-дегі ресми парақшасында айтылды. Монархтың жаназасы 19 қыркүйек күні сағат 11.00-ге белгіленген. Патшайымды Виндзор қамалының аумағындағы әкесі VI Георг патшаның мемориалдық кішкентай шіркеуінде жерлейді. ІІ Елизаветаны жерлеу күні Ұлыбританияда демалыс күні деп жарияланды. Еске сала кетейік, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 8 қыркүйек күні 96 жасында өмірден озған болатын. 2022 жылы ІІ Елизаветаның таққа отырғанына 70 жыл толды. Бұл барлық британдық монархтардың ішінде тақта ең ұзақ отырған мерзім. ІІ Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда 25 жасында әкесі – VI Георг патша қайтыс болған соң билікке келді.