Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта жеңді
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта жеңді
502
оқылды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (23-7-2) Атырауда өтіп жатқан Mergen Fighting Championship 3 турниріне қатысты, – деп хабарлайды Sports.kz. Қуат Хамитов ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) жекпе-жек өткізді. Аралық салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Осылайша, Қуат Хамитов кәсіби мансабында жиырма төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Василий Бабинцев жетінші рет жеңілді. Айта кетейік, мұның алдында қазақстандық спортшы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде украиналық Зака Фатуллазадемен (19-12) жекпе-жек өткізетін болған. Бірақ ол виза мәселесі бойынша жарысқа келе алмады.