Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
786
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады. Әлем чемпионы бұл жайында өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді. "Қараша айында жаңа чемпионмен танысасыздар. Тамашалауға қара көзілдірікпен келіңіздер. Өйткені мен рингте жарқыраймын! Біз Америкадамыз. Ал айқас қарашада Лас-Вегас қаласында өтеді. Қарсыласым кім екенін білмеймін. Бірақ мен оны қатты ұрып-соқпаймын. Тек нокаутқа түсіремін. Өйткені мен орта салмақтың үздігімін", – деп жазды ол. Еске сала кетейік, мұның алдында Жәнібек Әлімханұлы бокс чемпиондарына үндеу жасаған еді. Ол әлемдік боксшыларды бірігуге шақырған. Жуырда қазақстандық боксшы орта салмақта WBO әлем чемпионы атанды. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған. ҚР Президенті Жәнібек Әлімханұлын құттықтап, "Қазақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз" деген еді.