Тоқаев Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Чарльзді құттықтады
Тоқаев Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Чарльзді құттықтады
Фото: mail.kz
492
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Құттықтау соңында Президент Корольдің барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақ-береке тіледі.