Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Фото: ПД-нен алынды
2,704
оқылды
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді. Кеше сағат 17:30 шамасында Атырау қаласындағы «Балауса» шағын ауданында жедел жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысты. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция апаттың себебін анықтап жатыр. Жыл басынан бері тек қана Атырау қаласында 93 жол апаты тіркелген. Жол апатынан жалпы 95 адам жарақат алып, 7 адам қаза тапты.