Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Си Цзиньпин келеді
Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Си Цзиньпин келеді
Фото: discover24.ru
330
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин  мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.