Қостанай облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 96 млн теңге жымқырылған
Қостанай облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 96 млн теңге жымқырылған
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірде 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Ведомство мәліметінше, ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
«Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған», – делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.