Жылыту маусымы қарсаңында жастар тұрғындарға өрттің қауіпті екенін түсіндірді  
Жылыту маусымы қарсаңында жастар тұрғындарға өрттің қауіпті екенін түсіндірді  
348
оқылды
Павлодарлықтарға жергілікті құтқарушылар мен партия жастары өрт қауіпсіздігі туралы жыл сайынғы айлық аясында еске салды. 10 қыркүйекте Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қатысуымен, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының және Қызыл жарты ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп, «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» акциясын өткізді.    width=
– Іс-шараның негізгі мақсаты – жазатайым оқиға, өрт қаупін азайту, адам өмірін сақтап қалу, – деді Павлодар облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Шаймарденов.
Акцияға 45 адам қатысты, құтқарушылар, полицейлер және партия жастары 300-ден астам тұрғынға түсіндірді. – Жыл сайын түсіндіру жұмысының арқасында тұрмыстық өрт саны айтарлықтай төмендеді. 2021-2022 жылдары жылыту маусымының өткен кезеңінде өрт саны 52%-ға төмендеді, – деп атап өтті жергілікті құтқарушылар. – Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударады. Әкімдіктер мен ҮЕҰ қаражаты есебінен өткен жылы 1 112 улы газ датчигі орнатылды, 488 үйдің мұржасы тазартылды. 123 үйде от алдыру алдындағы металл табақтар орнатылды.    width= Акцияға қатысқан «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері осындай профилактикалық әңгімелердің маңызын атап өтті. – Біз жергілікті қызметтерге, әсіресе азаматтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көмекке әрқашан дайынбыз. Осындай жобаларға қатыса отырып, жастар павлодарлықтарға қарапайым және түсінікті тілмен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін жеткізеді. Сонымен қатар тәжірибе жинайды, – деді «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық «Жастар рухы» ЖҚ филиалының төрайымы Санира Жүсіпова.    width=