3 жігіт зорлаған: дәрігерлер бір ай бұрын Павлодарда 10-қабаттан секіріп кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
3 жігіт зорлаған: дәрігерлер бір ай бұрын Павлодарда 10-қабаттан секіріп кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
© sn.kz
8,426
оқылды
Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 16 жастағы Ксенияның өмірі үшін бір айдан астам уақыттан бері күресіп жатыр. Алайда әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірімнің жағдайы жақсарған жоқ. Жергілікті Оbozrenie.kz порталының хабарлауынша, жасөспірімге бұған дейін іш қуысына бірнеше күрделі ота жасалған. Соңғы ота 7 қыркүйекте болған. Дәрігерлер қанша күш салғанымен, науқастың жағдайы жақсармай отыр.
«Қыз балада бас сүйек-ми жарақаты, омыртқа және басқа да сүйектердің көптеген сынығы, сондай ауыр зардапқа әкеп соққан іштің соққы жарақаты болды. Қазіргі жағдайы әлі де алаңдатады», деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Дәрігерлер Ксенияның жағдайы ауыр екенін, бүгінде науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жеткізді. Бүгінде жергілікті дәрігерлер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Нұр-Сұлтан нейрохирургия орталығының республикалық мамандарымен байланыс жасап отыр. Емдеу тактикасы елордалық мамандармен келісілген. Еске салайық, Павлодар қаласының 16 жастағы тұрғынын танысы азғырып, пәтерге кіргізіп алған соң үш жігіт жабылып зорлаған. Қорлыққа шыдамаған жас қыз сол күні кешке 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Полицейлер үш күдіктіні де тұтқындап, тергеу жүргізіп жатыр.