Оның айтуынша, әнші өмірден өтерін сезіп, бір жыл бұрын дайындалған.
«Азан шақырып қойған аты – Үрбибі»: Роза Бағланованың келіні енесі жайлы айтып, жылап қалды (видео)
Фото: Отбасының жеке мұрағатынан
246
оқылды

Халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында енесі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, әнші өмірден өтерін сезіп, бір жыл бұрын дайындалған. Келініне не істеу керегін айтып, бәрін түсіндірген екен.

«Үлкен адамдар сезеді деп айтады ғой. Мама сезген болар. Маған бір жыл бұрын «жиырма метр ақ мата алып қойшы» деді. Оған мен ренжіген едім, «не қажеті бар, неге асығасыз» деп. Жақындарымыз «Алып қоя сал да, ұмытып кет» онда тұрған ештеңе жоқ» деген еді. Кейін ақ мата алып қойса, өлімді алыстатады деген ырым бар екенін естідім. Мамам арғы дүниеге кетуге дайындалу мәдениетін көрсетіп кетті. Ақ мата, жуындырғанда керек заттарды алып, шымылдық тіктіріп қойды. Тасқа жазатын сөзге дейін жаздырдырып, дайындады. Айтқанын бұлжытпай орындадық», - дейді.

Ол Роза Бағланованың Азан шақырып қойған аты Үрбибі екенін естігенде таңғалғанын айтты.

«Ол кісінің Азан шақырып қойған аты Үрбибі екен. Оны біз де білген жоқпыз. Бір жыл бұрын бізге «Тасқа осылай жазасыңдар» деп айтты. Мамамнан сұраған кезімде «Азан шақырып қойған есімім Үрбибі. Тасқа Үрбибі – Роза Бағланова деп жазасыңдар» деп айтты», - дейді келіні.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.