АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердимен кездесуінде Шыңжаң лагерлерінде этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады.
"Адамның негізгі құқықтарын қорғау ұлт рухын анықтайды. Біз адам саудасы мәселелерін, Қазақстан шекарасының жанындағы ҚХР-дағы Шыңжаң лагерлерінде орналасқан миллионнан астам мұсылман ұйғырлары мен этникалық қазақтардың ауыр жағдайын талқыладық. АҚШ барлық елдерді қосылуға және осы репрессияны аяқтауды талап етуге шақырады. Біз Қытайдан қашқанбосқындар үшін қауіпсіз баспананы қамтамасыз етуге шақырамыз", - деді Помпео.
1 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапармен келді.
Помпео Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердимен кездесті. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлады. Помпео-ның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.