«Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды
«Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды
© коллаж: Қуаныш Аман
354
оқылды
 «AMANAT» партиясының Үкі­мет­пен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бо­йынша 40 күндік ауқымды ақпараттық марафоны аяқталды. Мобильді топтар 425 ауыл­да 250 мың адамды қамтыды. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арт­тыруға көмектесу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ша­руалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруа­шылығын дамытуға жол ашатынын атап өткен болатын.
«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашы­лығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деп атап өтті Президент.
«Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хат­шылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі – ел тұрғын­дарының табысын арттыру мәселесін шешу.
«Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл ха­лық­­тың жалпы санының 41 пайызы. Был­тырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұр­ғында­рының ақшалай табысының айырмашылығы 38 пайыз. «Ауыл аманаты» жобасы осы ол­қылықтың орнын толтыруды көздейді. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арт­тыруға көмектесуге тырысамыз. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақ­параттық марафон өт­кіздік. Мобильді топ құрамындағы бапкерлеріміз 28 шілде мен 10 қыркүйек ара­­лы­ғында республикадағы 179 аудан­ның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді», – деді ол.
Шығыс Қазақстан облысы Новопо­кров­ка ауылындағы көпбалалы ана Мушахира Төлебаева жобаға үлкен үміт артып отыр.
«Жылыжай шаруашылығым бар. Онда қияр, қызанақ және тағы басқа көкөніс өсіреміз. Алайда биыл құрғақ­шылық болды. Жаңбыр жауған жоқ. Бақшаны ауызсумен суарамыз. Су жинап жатқан кезде ауыл тұрғындары сусыз қалады. Жы­лыжайға үнемі күтім қажет болған­дықтан, кейде тіпті ішерге су таппай қа­ламыз. Былтыр 520 мың теңгені құрай­тын грант ұтып, сол қаражатқа там­шылатып суару тас­пасын сатып алдым. Кейін шағын кон­сервілі цех ашу идеясы пайда болып, тағы да грант ұттым. Арнайы бизнес-жоспар құрдым. Алайда қайда барып, кімнен не сұрау керегін білмейсің. «Ауыл аманаты» жобасы ар­қылы кәсібімді әрі қарай дамыта аламын деп ойлаймын», – деді ауыл тұрғыны.
Партиялықтар атап өткендей, 2019 жыл­дан бастап табысты арттыру бағдарла­масы жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысының оң тәжірибесі ауыл тұрғын­дарын бағдарламаға қатысуға ынталан­дыруы тиіс. Мәселен, осы өңірге республи­калық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Жобаға қатысуға 11 ауылдық округ ірік­телді. Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 есеге қысқарып, аталған ауылдарда орташа айлық табыс мөлшері 1,7 есеге ұлғайған. Жұмыссыздар саны 36 пайызға азайды. Микрокредиттер бойынша 60 күннен астам мерзімі өткен төлемдер болмады.
«Бағдарлама адамдардың тұрақты та­быс жолына түсуіне бағытталған. Біз ауыл тұрғындарына мамандануға көмектесеміз. Айталық, барлық жерде бірдей қызылша өсіру немесе ірі қара мал жаю мүмкін емес. Жамбыл өңірінде тұрғындардың 68 пайызы атаулы әлеуметтік көмек алушылар са­натынан шықты. АӘК алуды жалғастыру немесе осы бағдарлама арқылы ақша таба бастау. Тұрғындар осындай таңдау жасап жатыр», – деп атап өтті партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
Мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі. Ол үшін «AMANAT» партия­сының Саяси менеджмент академиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT»-тың аумақтық филиалдары­ның атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізді. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында 2 346 адам білімін жетілдірді.
«Кооператив құру және өткізу тізбегін қалыптастыру бойынша тренингтер өт­кізілді. Тұрғындарға жекелей жұмыс істей алатынын, сондай-ақ ауыл шаруашы­лығы кооперативіне біріге алатынын түсін­дірдік. Бұл қадам шығынды азайтады. Мысалы, жемді нарықтағы бағадан 40-50 пайызға арзан бағамен сатып алуға бо­лады. Жер жырту, қоқыс шығару кезінде де арнайы техниканың қызмет құны төмендейді. Кооперативтер техниканы лизингке оңай ала алады. Облыс әкім­діктері кооператив­терге кәсіби агроном­дардың, ветеринар­лар­дың, механиза­торлар мен зоотехник­тердің қатысуын қамтамасыз етеді», – деді жобалық кеңсе хатшылығы басшысының орынбасары Ақмарал Бекмұрзаева.
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінің әкімі Нұрсейіт Белгин алған білімін іс жүзінде қолданып үлгерген.
«Ауданның әлеуетін, қандай өндірісті іске қоса алатынымызды айқындадық. Нәтижесінде, тұрғындардың бірі өз қара­жатына таза ауызсу цехының құрылысын бастады. Жұмыс аяқталғаннан кейін ол облыс және жақын шетел тұрғындарын сапасы жоғары таза ауызсумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Өндіріс орны Ақтау ауылында тіркелді. Осылайша, ауылдың салық базасы кеңейеді. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады», – деді ол.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл сәуірде «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейін бағдарла­масы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкі­метпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жо­басын жүзеге асырып жатыр.