Бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосады
Бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосады
295
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен, Кавказ мұсыл­мандары басқармасының тө­рағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен және «Әл-Азһар» универси­тетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен және БҰҰ Бас хат­шы­сының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Мора­тиноспен кездесті. Иерусалим Патриархы III Фео­фил­­мен кездесуінде дін­ара­лық және кон­фессияаралық диалогты іл­гері­лету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Па­триарх­қа Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының VII съезінің жұмы­сы­на қатысқаны­на және осы маңыз­ды форумның мақсат-міндеттерін іл­­герілетуде көрсеткен қолдауына ри­­­зашы­лығын білдірді. Бұл Пат­риарх­­­тың Съезге үшінші рет қа­тысуы. Патриарх бейбітшілік, ке­лі­сім жә­не өзара құрмет сынды құн­ды­лық­тарды іл­герілету үшін әлем көш­басшылары ба­тыл ше­шімдер қабыл­дауы­ның маңыз­дылығына тоқ­талды. Құрметті қонақ Съезд қоры­тын­дысы әлемде бейбітшілікті одан әрі ны­ғайтудың нақты бағ­дар­ларын әзірлеуге ықпал ететі­ніне сенім біл­дірді. Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы Кав­каз мұсылмандары бас­қар­ма­сының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады. Кездесуде конфес­сияаралық диалог ха­лықаралық қауым­дастықты бірік­тіру жол­дарын бірлесіп іздеудің маңыз­ды құралы екені айтылды. Құрметті қонақ Съезд қоры­тын­дысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзір­леуге ықпал ететініне сенім біл­дірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқар­ма­сының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады. Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты бірік­тіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңыз­ды құралы екені айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік ру­хани көшбасшылар съезінің қо­ры­тындысы жаһандық сын-қатерлерге бір­лесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұл­таралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қо­сатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы бауырлас Қа­зақстан мен Әзербайжан халық­тары арасындағы достық пен ынты­мақ­тастық байланыстарын нығайту­дың маңызды екенін атап өтті. Кавказ мұсылмандары басқар­ма­сының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жуырда Бакуге сапары­ның қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өркениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен де кез­десті.
– Біз өзіңіз басқаратын «Әл-Азһар» университетін ортақ дініміз – ислам құндылықтарын дәріптеуші шамшырақ ретінде қарастырамыз. Сон­дықтан толеранттық пен ұстам­дылықты, сабырлық пен мейірім­ді­лікті ту еткен орталық ғұлама­лары­ның бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының бас­қосуы­на қатысуы біз үшін өте маңыз­ды, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ислам білімінің ордасы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы саналатын «Әл-Азһар» университетінде қазақ­стан­дық студенттердің білім алуына жа­­­­салған жағдайды жоғары бағалай­тынын жеткізді. Сонымен қатар «Әл-Азһардың» Қазақстанда ислам білімі мен зерттеулерінің дамуына қо­мақты үлес қосып отырғанын ерек­ше атап өтті. Келесі жылы сұлтан Бейбарыс­тың туғанына 800 жыл толады. Мем­лекет басшысы аталған мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тара­пы Каирдегі сұлтан Бейбарыс меші­тін қайта жөндеуге айтарлықтай үле­сін қосатынын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге ыстық ықыласқа то­лы сәлемін жолдады. Өз кезегінде «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы Мем­лекет басшысына Мысыр Пре­зи­дентінің жүрекжарды сәлемін жет­кізді. Президент сондай-ақ БҰҰ Бас хат­­шы­сының Өркениеттер альянсы жө­ніндегі Жоғары өкілі Мигель Ан­хель Мора­тиносты қабылдады. Кездесуде Әлемдік және дәс­түрлі дін­дер көшбасшы­ла­рының VII съе­зі­нің күн тәртібіне және Қазақ­стан мен БҰҰ Өр­кениеттер альянсы ара­сындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі да­мытуға қа­тысты мәселелер тал­қыланды. Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға кел­геніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне ал­ғыс айтты. Сондай-ақ Альянс­тың бей­бітшілік, төзімділік мәде­ниетін іл­герілету мен адам­дар­ды біріктіру­ге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. БҰҰ Бас хатшысының Жо­ғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жо­ғары деңгейде ұйым­дас­тырылғанын атап өтіп, жиын нәтижелері бейбіт­ші­лікті, ке­лі­сімді және дінаралық диа­логты нығайтуға ықпал ететініне се­нім білдірді.