Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен және «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен және БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті.
Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесуінде дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Патриархқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жұмысына қатысқанына және осы маңызды форумның мақсат-міндеттерін ілгерілетуде көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Бұл Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы.
Патриарх бейбітшілік, келісім және өзара құрмет сынды құндылықтарды ілгерілету үшін әлем көшбасшылары батыл шешімдер қабылдауының маңыздылығына тоқталды.
Құрметті қонақ Съезд қорытындысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады. Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды.
Құрметті қонақ Съезд қорытындысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады. Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өркениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен де кездесті.
– Біз өзіңіз басқаратын «Әл-Азһар» университетін ортақ дініміз – ислам құндылықтарын дәріптеуші шамшырақ ретінде қарастырамыз. Сондықтан толеранттық пен ұстамдылықты, сабырлық пен мейірімділікті ту еткен орталық ғұламаларының бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы біз үшін өте маңызды, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ислам білімінің ордасы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы саналатын «Әл-Азһар» университетінде қазақстандық студенттердің білім алуына жасалған жағдайды жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар «Әл-Азһардың» Қазақстанда ислам білімі мен зерттеулерінің дамуына қомақты үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.
Келесі жылы сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толады. Мемлекет басшысы аталған мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тарапы Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге айтарлықтай үлесін қосатынын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге ыстық ықыласқа толы сәлемін жолдады. Өз кезегінде «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы Мемлекет басшысына Мысыр Президентінің жүрекжарды сәлемін жеткізді.
Президент сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады.
Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне және Қазақстан мен БҰҰ Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілету мен адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жиын нәтижелері бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.