Әлемдік діндер лидерлерінің съезінде Волоколамск митрополиті Антоний патриарх Кириллдің орнына сөз сөйледі
Әлемдік діндер лидерлерінің съезінде Волоколамск митрополиті Антоний патриарх Кириллдің орнына сөз сөйледі
Фото: t.me/bort_01
383
оқылды
Ол съездің негізгі мақсаты саяси және экономикалық қайшылықтарды еңсеру жолдарын іздеу екендігін атап өтті.
 «Діни жетекші ретіндегі біздің басты міндетіміз – үміт беру, жұбату, Құдаймен және бір-бірімізбен татуласу. Бұқаралық мәдениет адамға жоғары болмыс иесі ретінде табыну төңірегінде қайта құрылып жатыр. Адами, рухани құндылықтар жойылып, түрлі қиыншылықтар белең алып келеді» – деп атап өтті Волоколамск митрополиті Антоний.
Антоний Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің сөзін мысалға келтіріп, әлемді қалыпты өмірге қайтару қоғамда белең алған өшпенділікке тосқауыл қоюға шақырды.
«Әлем қожайындар мен сателлитерге бөлінуді тоқтатуы керек. Әр адамның өзіндік құқы болғанындай барлық елдің құқығы бірдей болуы қажет» – деді орыс православие шіркеуінің өкілі.