Головкин-Канело жекпе-жегін тікелей эфирден сағат қаншада көрсетеді?

Головкин-Канело жекпе-жегін тікелей эфирден сағат қаншада көрсетеді?

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес (Канело - лақап аты) жұдырықтасады. Екеуара үшінші жекпе-жекті Qazaqstan мен Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Жекпе-жек астана уақытымен 18 қыркүйек күні таңғы сағат  05.00-де басталады. Екі спортшы екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Геннадий Головкин шаршы алаңға шығатын салтанатты шарада Қазақстанның Әнұранын әнші Димаш Құдайберген орындамақ.