Съезд делегаттарымен кездесті
Съезд делегаттарымен кездесті
397
оқылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев VII съезге қатысушылармен екіжақты кездесулер өткізді. Мәулен Әшімбаев діндер ли­дер­леріне форумға қатысып, қол­дау көрсеткені және ынты­мақ­тастық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Волоколамск митрополиті, Мәс­кеу және Бүкіл Русь Пат­риар­хының викарі Антониймен кездесуде қазіргідей постпандемиялық кезеңде мұндай съездің маңызды екені сөз болды. Тараптар форум халықаралық қоғамдастыққа диалог пен өзара қолдау бүгінде бүкіл әлем бетпе-бет ке­ліп отырған сын-қатерлерді тиім­ді еңсерудің жалғыз жолы екендігін дәріптейтінін айтты. Ресей Федерациясы мұсыл­ман­дары діни басқармасының төрағасы, Ресей мүфтилері кеңе­сінің төрағасы, мүфти-шейх Равиль Гайнутдинмен кездесу ба­ры­­сында өскелең ұрпаққа білім беру және діни ағарту тақырыптарына баса мән берілді. Сұхбаттасушылар қазір діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдар, саясаткерлер мен парламентшілер жұртшылықтың ең ық­палды өкілдері ретінде экстремизмге қарсы жұмыстарға бел­сен­ді қатысуы керектігіне назар аударды. Мәулен Әшімбаев Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуар­те Пашекумен кездесу кезінде атал­ған ұйымның съезге алғаш рет қатысып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар Сенат Спикері меймандарға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси реформалар туралы айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Мемлекет Бас­шысы­ның Жолдауындағы ба­сым бағыттарға және Парламент пен мәслихаттар депутаттарын сайлау тетігін өзгертуді көз­­дейтін конституциялық ре­фор­­маға тоқталды. Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар Қазақстанның этносаралық және дінаралық диалогты ілгерілетуге және мәдени әралуандықты қолдауға арналған бастамаларын жоғары бағалады. Діндер көшбасшыларының пікірінше, Қазақстанның осы саладағы табысты тәжірибесі зерделеніп, талқыланып, басқа елдерге үлгі болуға тиіс.