Түркістан түрленіп келеді
Түркістан түрленіп келеді
394
оқылды
Түркістан – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Түркістанға облыс орталығы мәр­те­бесін беру ұтымды шешім болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі саналатын киелі қалада 21 хан мен 8 сұлтанның, 23 би мен 59 батыр жерленгені ресми түрде дәлелденген. Бүгінде облыс орталығы бол­ған киелі шаһар халықтың көз алдында күннен-күнге көркейіп, гүлденіп жатыр. Сырттан келген қонақтар әрбір сапарында қаланың сәулетіне көрік қосылып, өзгеріп жатқанын көреді. Көз тартар зәу­лім-зәулім ғимараттар, тұрғын үй­лер қаланың жаңарып жатқанын байқатады. Облыс орталығы мәрте­бесін алған 4 жылдан бері құрылысы тоқтаған емес. Әрбір жетістіктің артында еңбек адамдарының маңдай тері тұр Иә, мұның барлығы да оңай­лықпен қол жеткізілген жетістік емес. Әрбір құрылыс облыс бас­шы­лығының тікелей бақылауында бол­ғанымен, кез-келген жұмыстың, же­тістіктің артында еңбек адам­да­рының табанақы, маңдай тері тұр­ғанын айтпай кетуге болмайды. Ал, құрылыстың күні-түні басында жү­ріп, қадағалайтын сала басшы­ла­ры­ның да еңбегі зор. Мұндайда шаһар­дың көркеюіне тікелей жауапты қала басшысының да алар орны ерекше. Қаланың құрылы­сы­нан бөлек, әлеуметтік-экономика­лық дамуы да назардан тыс қалмауы тиіс. Осы ретте халық санының да артып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, былтыр дәл осы уақытта Түркістанда 184 мың 436 тұрғын болса, биыл оның саны 194 мың 774-ке жеткен. Қаланың аумағы 22,4 мың гектарды құрайды. Ал, көне қаланың жаңа келбетін көруге келушілердің саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Өткен жылдың 7 айында 1 124,9 мың турист келсе, ағымдағы жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 1 135,4 мың адамға жеткен. Бұл туралы Түркістан қа­ласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков атап өтті. Оның ішінде шетелден келушілердің де саны артқан. Түркістан қаласында 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвес­ти­ция­лық жоба базасы мақұлданған бо­латын. Биыл оның шетел инвестор­лары есебінен 7 жобасы іске асыры­лып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды. Енді алдағы 5 жылда 10 инвестиция­лық жобаны іске асыру жоспарла­нып отыр. Оның бірі 2023 жылы Шейх Халифа бен Заид Аль На­хайян­ның қоры аясында жүзеге асып жатқан «Ана мен бала» орта­лығының құрылысын, House Development ЖШС салып жатқан «5000 адамға арналған» мешітті және «BN2» ЖШС тұрғызып жатқан «5 жұлдызды қонақ үй» құрылысын аяқтау жұмыстары бар. Одан бөлек, келер жылы «Интерстрой» ЖШС сауда ойын-сауық орталығының, BAZIS-A ЖШС Yassy tower бизнес және ATM TURKISTAN HOSPITAL ЖШС 570 койкалық көппрофилді медицина орталығының құрылысын аяқтамақ. Алдағы жылы «Қылует» қайырымдылық қоры «Қылует» ру­хани-мәдени орталығын, «Бозарық АБЗ» ЖШС асфальт-бетон шыға­ратын зауытын және битум қойма­сының терминалын ашпақшы. 2025 жылға дейін инвесторлар есебінен тұрғын үйлер құрылысы жүргізіле бермек. TURKESTAN индустриалды аймағын дамыту шаралары да күн тәртібінен түскен емес. 40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27 кә­сіпорын іске қосылып, 1330 жұ­мыс орны құрылған. Былтыр 557 адамды жұмыспен қамтыған 4 жоба іске асты. Биыл жыл басынан бері мұнда асфальт-бетон, газоблок және газобетон зауыттары құрылып, жұмыстарын бастағалы жатыр. TURKESTAN арнайы эконо­ми­калық аймағы аясында қалада 4 аумақ жұмыс істеп тұр. Әкімшілік іскерлік орталығы, әуежай аумағы, тарихи мәдени орталық және өнді­рістік аймақ аумағы бар.
Аталған аумақтарда 2019-2023 жылдарға арналған жоспар бойын­ша 3,5 мыңға жуық жұмыс орны ашы­луы тиіс. Ол үшін 67 жоба жү­зе­ге асады. Бүгінде оның 20-сы орын­далып, 1 590 жұмыс орны ашыл­­ған. «180 га өндірістік аймақта атал­ған жоба аясында қала дамуын­дағы ең үздік жобалардың бірі бол­мақ. Инвесторлар тарапынан сұра­ныс жоғары, нәтижесінде заманауи тех­нологиямен жабдықталған 50-ден астам кәсіпорындар пайда бола­ды», – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Қоныс тойы көбейді Шыны керек, жергілікті билік өкілдерінің жұмыс көрсеткіші ең алдымен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және инвесторлар тартумен өлшенетіні белгілі. Бұл бағытта Түркістан қаласында ха­лықты жұмыспен қамту, аз қамта­ма­сыз етілген және мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылып жатыр деуге болады. Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 4 844 адам жұмыспен қамтылған. Бастау бизнес жобасы бойынша 992 сер­тификат алынып, 24 адамға мемле­кеттік грант берілген. Сондай-ақ, АӘК алатын отбасыларға 4 696 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет таратылыпты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып келеді. Биыл осы санаттағы 3 585 жанға қаржы­лай қолдау көрсетілген. 263 адам протездік-ортопедиялық, 270 сур­до-тифлотехникалық құралдармен және 245 жан қол арбамен, 401-і же­ке көмекшілер қызметімен қам­ты­лып отыр. 151 адам инватакси қыз­метіне, 8-і әлеуметтік такси қыз­метіне жүгінеді. Әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығы «Тең қо­ғам», «Белсенді ұзақ өмір», «Әлеу­меттік психологиялық сүйемелдеу» бойынша 3 бағытта жұмыс атқаруда. Ал, енді құрылыс саласының бәсі бөлек. Өйткені қаладағы қар­қынды жұмыстардың бірі бұл. Қа­зіргі таңда 2021 жылдан өтпелі бол­ған 3 392 пәтерлі 53 үйдің құры­лысы жүргізілуде. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасы­ларға үлестірілмек. Пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқанын айта кету керек. Қалада 14 473 жан тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл өзекті мәселенің бірі екені рас. Дегенмен, осынау мәселе де біртіндеп өз ше­шімін тауып келеді. Сонау бір кездері Түркістан қаласында табиғи газ деген мүлдем болмаған. Бүгінде мұның шешімі де табылып, газдандыру шаралары кезек күттірмей, қарқынды жүріп жатқаны үлкен жетістіктің бірі десек те болады. Бүгінде көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 91 па­йызды құрап отыр. Енді биыл жа­ңадан қоныстанған, жер құжат­тарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйге табиғи газ тарту шара­лары жүруде. Тұрғындарды сапалы электр энегриясымен қамту да кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Айта кетейік, шаһардың аумағы кеңейіп, халықтың саны бірнеше есеге көбейген сайын инфрақұ­ры­лым мәселесінің де күрделене бере­тіні анық. Соған қарамастан жергі­лікті билік уақыт ағымынан қалмай осынау шараларды да жіті бақы­лауында ұстап келеді. Бүгінде қа­ланың таза сумен қамтылуы 98 па­йызды құрап отыр. Келер жылы 5 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ал қазір Кентау қаласындағы Біресек су кен орнынан 600 диаметрлік құбырмен сағатына 1 590 текше метр және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3 200 текше метр мүмкіндігімен қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су меке­месінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғы­масы арқылы қала ауыз сумен қам­тамасыз етілуде. Сонымен қатар қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен ны­сандарды кезең-кезеңмен ауыстыру жоспарланған. Бүгінде қала аума­ғында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан жылумен қамтамасыз етілуде. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау басты назарда Көлік инфрақұрылымын да­мыту жұмыстарына келсек, қазіргі таңда қаладағы ірі көшелердің бірі І.Қожабаев көшесін реконструк­циялау жүргізілуде. Нәтижесінде, Кентау тасжолы бағытындағы жол­ды Әкімшілік іскерлік орталығы арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосатын болады. Дәл осындай реконструкция жұмыстары жүріп жатқан Ә.Жангелдин көшесі ар­қылы Қызылорда бағыты мен Бал­такөл бағытындағы автокөлік жолы байланысады. Б.Қалаби көшесін реконструкциялау нәтижесінде Балтакөл тасжолын Шәуілдір және Шымкент тасжолына тікелей қо­сады. Киелі қалада осы және басқа да реконструкция шараларымен біраз өзгерістер орын алмақ. Қала аумағындағы 46,4 шақы­рымды құрайтын 40 көшеге орташа және 105 шақырымды құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Қала ішінде заман талабына сай жаңа, таза қоғамдық көлік та­сы­малы жолға қойылды. Бүгінде қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қо­ғам­дық көлік қатынайды. Жыл со­ңы­на дейін қосымша тағы да сы­йым­дылығы жоғары 42 автобус әке­­лінеді. Былтыр экологиялық та­лапқа сәй­кес 78 жаңа автобус алынған. Түнгі жарықтандыру шаралары 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға жетеді. Туризм бағытында дамып келе жат­қан қаланы абаттандыру жұмыстары жергілікті биліктің басты жұмыста­рының бірі екені рас. Қала тұрғын­дары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, дем алу, кешкі серуен­деу үшін, аулаішілік ойын алаңдары мен жеке демалыс орындары іске қосылған. Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынған. Қаланың сәулеттік көр­кін келтіру үшін әрбір көп қабатты үйлер сыртына түңгі шамдар қо­йылған. Сонымен бірге, саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі басты назарда. Биыл қа­ланың 12,2 гектар аумағына 15 мың­нан аса ағаш егіліп, 9000 шар­шы метр аумаққа көгал төселген. 200 мың түп гүл отырғызылып, 380 гек­тар аумақта күтіп-баптау жұмыс­тары жүргізілуде. Облыс орталы­ғында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласы географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқан. Қа­ланың микро климатын өзгерту үшін, қала көлемін толықтай сулан­дыру аясында қала ішінен гидрант­ты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару үшін 6 кезеңге бөлініп отыр. Бәрін айт та бірін айт, қала бү­гінгі Түркістан мен кешегіні салыс­тыра алмайтындай өзгергені, тақыр жерден үлкен қалаға айналғаны елдің көз алдында өтіп жатыр. Ал, оның әрбір бұрышында жоғарыда айтып өткендей, еңбек адамдары­ның маңдай тері мен жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүрген орасан зор еңбегі бар...

Түркістан облысы