Аталған аумақтарда 2019-2023 жылдарға арналған жоспар бойынша 3,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы тиіс. Ол үшін 67 жоба жүзеге асады. Бүгінде оның 20-сы орындалып, 1 590 жұмыс орны ашылған. «180 га өндірістік аймақта аталған жоба аясында қала дамуындағы ең үздік жобалардың бірі болмақ. Инвесторлар тарапынан сұраныс жоғары, нәтижесінде заманауи технологиямен жабдықталған 50-ден астам кәсіпорындар пайда болады», – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.Қоныс тойы көбейді Шыны керек, жергілікті билік өкілдерінің жұмыс көрсеткіші ең алдымен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және инвесторлар тартумен өлшенетіні белгілі. Бұл бағытта Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылып жатыр деуге болады. Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 4 844 адам жұмыспен қамтылған. Бастау бизнес жобасы бойынша 992 сертификат алынып, 24 адамға мемлекеттік грант берілген. Сондай-ақ, АӘК алатын отбасыларға 4 696 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет таратылыпты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып келеді. Биыл осы санаттағы 3 585 жанға қаржылай қолдау көрсетілген. 263 адам протездік-ортопедиялық, 270 сурдо-тифлотехникалық құралдармен және 245 жан қол арбамен, 401-і жеке көмекшілер қызметімен қамтылып отыр. 151 адам инватакси қызметіне, 8-і әлеуметтік такси қызметіне жүгінеді. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Тең қоғам», «Белсенді ұзақ өмір», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бойынша 3 бағытта жұмыс атқаруда. Ал, енді құрылыс саласының бәсі бөлек. Өйткені қаладағы қарқынды жұмыстардың бірі бұл. Қазіргі таңда 2021 жылдан өтпелі болған 3 392 пәтерлі 53 үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасыларға үлестірілмек. Пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқанын айта кету керек. Қалада 14 473 жан тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл өзекті мәселенің бірі екені рас. Дегенмен, осынау мәселе де біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Сонау бір кездері Түркістан қаласында табиғи газ деген мүлдем болмаған. Бүгінде мұның шешімі де табылып, газдандыру шаралары кезек күттірмей, қарқынды жүріп жатқаны үлкен жетістіктің бірі десек те болады. Бүгінде көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 91 пайызды құрап отыр. Енді биыл жаңадан қоныстанған, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйге табиғи газ тарту шаралары жүруде. Тұрғындарды сапалы электр энегриясымен қамту да кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Айта кетейік, шаһардың аумағы кеңейіп, халықтың саны бірнеше есеге көбейген сайын инфрақұрылым мәселесінің де күрделене беретіні анық. Соған қарамастан жергілікті билік уақыт ағымынан қалмай осынау шараларды да жіті бақылауында ұстап келеді. Бүгінде қаланың таза сумен қамтылуы 98 пайызды құрап отыр. Келер жылы 5 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ал қазір Кентау қаласындағы Біресек су кен орнынан 600 диаметрлік құбырмен сағатына 1 590 текше метр және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3 200 текше метр мүмкіндігімен қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандарды кезең-кезеңмен ауыстыру жоспарланған. Бүгінде қала аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан жылумен қамтамасыз етілуде. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау басты назарда Көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына келсек, қазіргі таңда қаладағы ірі көшелердің бірі І.Қожабаев көшесін реконструкциялау жүргізілуде. Нәтижесінде, Кентау тасжолы бағытындағы жолды Әкімшілік іскерлік орталығы арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосатын болады. Дәл осындай реконструкция жұмыстары жүріп жатқан Ә.Жангелдин көшесі арқылы Қызылорда бағыты мен Балтакөл бағытындағы автокөлік жолы байланысады. Б.Қалаби көшесін реконструкциялау нәтижесінде Балтакөл тасжолын Шәуілдір және Шымкент тасжолына тікелей қосады. Киелі қалада осы және басқа да реконструкция шараларымен біраз өзгерістер орын алмақ. Қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа және 105 шақырымды құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Қала ішінде заман талабына сай жаңа, таза қоғамдық көлік тасымалы жолға қойылды. Бүгінде қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Жыл соңына дейін қосымша тағы да сыйымдылығы жоғары 42 автобус әкелінеді. Былтыр экологиялық талапқа сәйкес 78 жаңа автобус алынған. Түнгі жарықтандыру шаралары 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға жетеді. Туризм бағытында дамып келе жатқан қаланы абаттандыру жұмыстары жергілікті биліктің басты жұмыстарының бірі екені рас. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, дем алу, кешкі серуендеу үшін, аулаішілік ойын алаңдары мен жеке демалыс орындары іске қосылған. Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынған. Қаланың сәулеттік көркін келтіру үшін әрбір көп қабатты үйлер сыртына түңгі шамдар қойылған. Сонымен бірге, саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі басты назарда. Биыл қаланың 12,2 гектар аумағына 15 мыңнан аса ағаш егіліп, 9000 шаршы метр аумаққа көгал төселген. 200 мың түп гүл отырғызылып, 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласы географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқан. Қаланың микро климатын өзгерту үшін, қала көлемін толықтай суландыру аясында қала ішінен гидрантты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару үшін 6 кезеңге бөлініп отыр. Бәрін айт та бірін айт, қала бүгінгі Түркістан мен кешегіні салыстыра алмайтындай өзгергені, тақыр жерден үлкен қалаға айналғаны елдің көз алдында өтіп жатыр. Ал, оның әрбір бұрышында жоғарыда айтып өткендей, еңбек адамдарының маңдай тері мен жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүрген орасан зор еңбегі бар...
Түркістан облысы