Өзара сенім мен серіктестік кеңістігі
Өзара сенім мен серіктестік кеңістігі
416
оқылды
Өзбекстанның Самарқанд қала­сын­дағы мемлекеттік са­парында Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтас­тық ұйымына мүше мем­ле­кет­тер басшылары кеңесінің ша­ғын және кеңейтілген құ­рамдағы отырыстарына қа­тысты. Мемлекет басшысы Өз­бекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке қонақ­жайлығы мен Самарқандтағы ШЫҰ-ның ке­зекті саммитін жоғары деңгейде ұйымдас­тырғаны үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы ШЫҰ өзі­нің әм­бе­­баптығы мен өзара ын­тымақтасты­ғының ар­қасында қазіргі заманның ең өзекті мә­селелерін шешуге елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс деп есептейді. Сон­дай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы шағын құ­рамдағы оты­рыста ШЫҰ қыз­метінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді. Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттер басшылары кеңесінің ке­ңей­­тілген құрамдағы отырысында да Шан­хай ынты­мақтастық ұйымын да­мы­ту­дың басым бағыттарына тоқталып өтті. «Өзара сенімнің жетіспеушілігі қазіргі заманның басты ерекше­лі­гіне айналды. Осындай жағдай­ларда өзара сенімге, тең және ашық диалогке негіз­делген бі­регей «Шан­хай рухын» нығайту аса маңызды.
Біздің алдымызда ШЫҰ әлеуе­­тін толық пайдалану міндеті тұр. Ұйым қыз­метінің тиімділігін арттыру және әртүрлі саладағы көп­жақты ынтымақтастықты да­мыту барлық қатысушы мемле­кет­тің мүддесіне сай келеді», – деді Қ.Тоқаев.
Президент ұйымның қызметі ме­н не­гізгі қағидаттарына да баса назар ау­да­рып, оның басты міндеті аймақтық қауіп­сіздікті нығайту болып қала беретінін айтты. – ШЫҰ қызметі оның жарғы­лық құ­жаттарында көрсетілген негізгі қағидат­тардың өзектілігін айқындады. Олар: экс­тремизм, тер­­­роризм, сепаратизм се­кіл­ді «үш зұлымдыққа» қарсы күрес, мем­­лекеттердің егемендігі мен тер­­ри­тория­лық тұтастығын қор­ғау, ішкі істерге араласпау. Ұйымның негізгі міндеті ай­мақтық қауіпсіздікті нығайту бо­лып қала береді. Аталған өзекті салада бірлесе қыз­мет етуді көздейтін бұрын қа­был­­данған құ­жаттарды іске асы­ру­­­ды жалғастыру қажет. Сон­дық­тан қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтер арасында әс­кери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсы­намын.
Осы ретте ШЫҰ-ның Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталы­ғымен арадағы қатынас­тарды нығайту маңызды рөл ат­қара алады, – деді Президент.
Мемлекет басшысы ұйымның киберқылмыспен күресте күш біріктіріп, жаһандық экономиканың негізгі ресурсқа айналуы басты екенін атап өтті. Қазірдің өзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлесі әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен төрттен бірін құрайды екен. Бұл шамамен 23 триллион доллардан асады. Оның үстіне, ұйымға мүше мемлекеттерде энергетикалық ресурстардың, көмірдің, сирек металдардың және жаңартылатын энергия көздерінің бай қоры бар. Сонысымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ең табысты бірлестікке айналды. серіктестік «Менің пікірімше, ШЫҰ – қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым. Біз тауарлардың, капиталдың, көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың еркін айналымына кезең-кезеңмен көшу үшін ШЫҰ-дағы экономикалық ынтымақтастықты түрлі формада дамытуды қолдаймыз. Ұйым кеңістігіндегі өсімнің қозғаушы күші – ШЫҰ аясында ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыру. Біздің алдымызда Ұйымның жобалық қызметін тиісті қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі тұр.
Ол үшін бізде барлық қажетті экономикалық тетіктер, әзірленген стратегиялар, өзара іс-қимылдың егжей-тегжейлі бағдарламалары мен жоспарлары бар. Енді соларды жүзеге асыру ғана қалады», – деді Қ.Тоқаев.
Президент ШЫҰ мүше мемлекеттерді оңтайлы транспорттық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Елдер арасында транзиттік-көлік ынтымақтастығының қарқынды дамуы елдердің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған перспективті жобалардың жүзеге асырудың кепіліне айналмақ. Бұл орайда жаңа мультимодальды көлік дәліздері мен логистикалық орталықтар ашу, қолданыстағыларын жаңғырту мәселесі өзекті. Сонымен бірге ұйымға мүше мемлекеттер аумағында азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері де басты назарда. «ШЫҰ мемлекеттері – әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші әрі экспорттаушы елдер. Біз ШЫҰ аймағында да, одан тыс жерлерде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруымыз керек. Мемлекеттеріміздің халықаралық азық-түлік өндірісі мен жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысуы әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ су ресурстарын игеру мен ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлу қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Аталған отырыстар да ұйымға мүше мемлекеттердің Президенттері, Премьер-министрлері, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік террорға қарсы құрылымның (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло сөз сөйледі.