Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне арнайы Лас-Вегасқа барды. Головкин мен Альварес арасындағы үшінші айқас Қазақстан уақытымен 18 қыркүйекте өтеді.
"Үлкен ағамызға қолдау білдіру үшін Вегасқа аттандық. Геннадий Головкин, сәттілік!" – деп жазыпты Әлімханұлы Twitter желісінде.
We're going to Vegas to support our big brother @GGGBoxing 🇰🇿 Good luck! pic.twitter.com/b4igmp5zqT
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 16, 2022