Қызылордада тоқшылық мерекесі өтті
Қызылордада тоқшылық мерекесі өтті
661
оқылды
Бүгін Қызылорда қаласы күніне орай Сыр Ана монументінде «Ауыл – елдің айнасы» айдарымен «Ауылым берекенің ақ бесігі» этноауыл мерекесі өтті. Бұл Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастырылуымен 1 айлық іс-шара негізінде  өтті. Тоқшылық мерекесіне қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Мерекелік шара барысында Бауырсақ Party, Шұбат-қымыз Fest, Қауын-қарбыз Fest фестивальдары ұйымдастырылды. Оның ішінде бақша, көкөніс өнімдерінен түрлі бейнедегі көрмелер ұсынылды. Сондай-ақ алтыбақан құрылып, садақ атудан сайыстар өтті. Алаң қазақы нақышпен безендіріліп, ата-бабаларымыз тұтынған көне бұйымдар ел назарына ұсынылды.  width= Этнобағыттағы мерекенің басты сыйы – «Абай-Дәулет» ЖШС-ның ұйымдастыруымен 40 қазан палау пісіру сайысы өткізілді. Қала аспаздарымен қоса, еліміздің өзге де өңірлерінен келген бесаспап аспаздар дәмі тіл үйіретін палауларын бастырып, мерекеге жиналғандарға дәм татқызды. Мерекелік палау күріштің Лидер, Янтарь, Маржан, Әйгерім, Сыр сұлу сорттарымен қатар украиналық сорттардан дайындалды. Сондай-ақ өңірде өсірілетін төрт түлік мал етінен пісірілді. Мерекеге келушілер бал татыған шұбат, қымызбен сусындап, ыстық бауырсақтан дәм татты. Этноауыл мерекесінде өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.  width=  width=

Ербақыт Жалғасбаев, Қызылорда.