Мысыр мен Катар ШЫҰ диалогі бойынша серіктес елдер мәртебесін алды
Мысыр мен Катар ШЫҰ диалогі бойынша серіктес елдер мәртебесін алды
239
оқылды
Ташкентте Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне Шанхай ынтымақтастығы ұйымы диалогі бойынша серіктес мәртебесін беру туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметі. Құжаттарға ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Египет Араб Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Хамди Санад Лоза және Катар мемлекетінің Сыртқы істер мемлекеттік министрі Сұлтан бин Саад Әл-Мурейхи қол қойды. Меморандумдар ШЫҰ мен аталған елдер арасындағы өңірлік қауіпсіздік және тұрақтылық, сауда және инвестициялар, энергетика, АКТ, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, мәдениет, ғылым және техника, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Серіктес мемлекет мәртебесі ұйымға мүше мемлекеттердің шақыруы бойынша ШЫҰ шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысуға құқық береді. Меморандумдар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 15-16 қыркүйекте Самарқандта өтті. Саммитке 15 мемлекеттің басшысы және ШЫҰ-мен ресми байланыс орнатқан онға жуық халықаралық және өңірлік ұйымдардың, атап айтқанда БҰҰ, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, АӨСШК және ЭЫҰ мен ЛАГ жетекшілері қатысты.