Күн белсенділігінің төмендеуіне байланысты жер беті суыта бастайды. Мұндай ауа райының салқындығы 30 жылға созылуы мүмкін. Ғалымдар бұны «күннің қысқы ұйқыға кетуі» деп түсіндіреді.
[caption id="attachment_21825" align="alignnone" width="615"] интернеттен алынды[/caption]
Негізі әр 11 жыл сайын келіп тұратын күн циклінің ерекше кезеңі бар. Дәл сол уақытта күннің дағы азая түседі. Ол жұлдыздардан шығатын энергияның әлсіреуіне әкеледі. Күн сол циклдің шегіне жетсе, жердегі температура шамамен бір градусқа төмендейді. Бұл жаһандық ауа райының нашарлауына әкеледі.
[caption id="attachment_21826" align="alignnone" width="1024"] интернеттен алынды[/caption]
Осындай құбылысты ғалымдар 1650 жылы байқапты. Сол кезде күн белсенділігінің төмендеуі 60 жылға созылған. Сонда ауаның орташа температурасы 1,3 градусқа төмендеп, бүкіл дәнді-дақылдардың өліп, елді жаппай аштыққа әкеліпті. Мәселен, Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде ауа температурасы төмендеуі мұздықтарға әсер еткен. Ол уақытта өзен-көлдің көбісі қатып қалды.2012 жылы ғалымдар жер бетінде жаңа мұз дәуірі 15 жылдан кейін басталады деген болжам жасаған. Британ университеті ғалымдарының мәлімдеуінше, соңғы кезде күн белсенділігінің айтарлықтай төмендеуі байқалып жүр. Осыған орай, зерттеушілер 2020 жылға қарай күннің сәуле шашуының 24-циклы аяқталуға жақын. Бұл дегеніміз – Маундер минимумы деп аталған жаңа мұз дәуірі жер бетінде басталуы мүмкіндігінің белгісі.