Али Ахмедов әлемдік рейтингіде жоғарылады
Али Ахмедов әлемдік рейтингіде жоғарылады
645
оқылды
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) Америка өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңгеннен кейін Boxrec.com рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
Ә.Ахмедов Г.Росадоны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, BoxRec рейтингінің суперорта салмақ санатында 50-інші орыннан 13-ке бірақ көтерілді. Қазақстандық боксшы бұл жеңісінен кейін WBC Silver және IBF North American нұсқалары бойынша вакантты чемпиондық титулдарға ие болды. Әли Ахмедов 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорадан (21-1, 16 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін үш жекпе-жек өткізді. Ол перулік Давид Сегарруді (35-8, 22 КО) және мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Габриэль Росадомен болған үшінші айқасы бүгін, 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтті. Боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек кешінің андеркартында кездесті. Төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.