Өскеменде мектепте еден жуушы әйел қайтыс болды. Аltaynews.kz-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға №25 мектепте болған. Куәгерлердің айтуынша, ол өз-өзіне қол салған. Мұны бастапқыда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті де растаған еді. Алайда кейіннен оқиғаның мән-жайы анықталды.
«Бұл факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеуге алынды. Әйел гипертониямен ауырған. Жүрегі ауырып жүрген» делінген ресми мәліметте.Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. Бұған дейін мектеп оқушысы қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.