Алматыда мектеп оқушысы қайтыс болды
Алматыда мектеп оқушысы қайтыс болды
Фото: nevnov.ru
293
оқылды

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды» делінген ресми хабарламада.

Полиция факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын тексеруден соң анықталады.