Полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
372
оқылды
Абай облысының полиция қызметкері Qazaq kuresі бойынша әлем чемпионы атанды, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өткен. Оған 20 елден келген спортшылар қатысты. Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті. Сафуан – Qazaq kuresі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.