Алматыда жоғалған қыздың мәйіті таудан табылды
Алматыда жоғалған қыздың мәйіті таудан табылды
1,585
оқылды
Алматыда жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзен жағасынан табылды. Жоғалған қыз туралы полицияға кеше оның сіңлісі хабарлаған. Оның айтуынша, 17 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында үйден шығып кеткен әпкесі қайта оралмаған. Сіңлісінің айтуынша әпкесі үйден шығар алдында жігітімен сөйлесіп, екеуі тауға баруға келіскен. Біраз уақыт өткен соң әпкесі оған өзін тауда өрмекші шағып алғанын жазған. «Таулы аймақта өзен жағасында жүргізілген іздестіру барысында жоғалған қыздың денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.