Желіде жүргізушінің кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткені туралы видео пайда болды
Желіде жүргізушінің кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткені туралы видео пайда болды
483
оқылды
Әлеуметтік желіде жүргізушінің кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткені туралы жазба жарияланған болатын. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 10 жасар жаяу жүргіншіні қағу дерегі 19 қыркүйек күні сағат 18:45-те Талғар ауданында болған. Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген - Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақатынан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек бойынша Талғар ауданының полицейлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.