Жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді
Жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді
339
оқылды
«AMANAT» партиясы Қы­зыл­ор­да қалалық филиалы жа­нын­дағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл кеңесі­нің жо­с­парына сәйкес, Қос­шы­ңырау ауылдық округінде мо­ниторинг жұ­мысы жүргізілді. Ауыл әкімі Сейдуәлі Абду­қадіров сыбайлас жемқорлық фак­тілерін болдырмау және алдын алу, сыбайластық сипатындағы құқық бұзушылықпен күрес жүргізу бағы­тында атқарылған шаралар туралы тұрғындар алдында есеп берді. Кеңес мүшелері «AMANAT» пар­­тиясының сыбайлас жемқор­лық­­тың алдын алу бойынша жүр­гізіп жатқан шараларына тоқталды.
«Жемқорлық мемлекеттің бә­секеге қабілеттілігін едәуір төмен­дететіні, демократиялық қайта құру процесін тежейтіні, елдің халық­аралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басым­дықтарының бірі – жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру», – деді мониторинг тобының мүшесі, «Самұрық» инновациялық идея­ларды дамыту орталығының же­текшісі Жандос Төсмағамбетов.
Сонымен қатар, кеңес мүшелері Қосшыңырау ауылына қарасты дәрігерлік амбулатория мен бала­бақша ғимаратын тексеріп, бірқатар кемшілікті анықтады. Атап айтсақ, алғашқы көмек көрсету алгоритмі белгіленбеген, мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы жасақталмаған, арыз-шағым жәшігі ілінгенімен, жауапты маман бекітілмеген және тағы басқа. Сондай-ақ, құқық қор­ғау органдары, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агентті­гінің жауапты мамандарының қа­тысуымен кездесу, семинарлар ұйым­дастырылмаған. Кеңес мүше­лері мекеме басшыларына бұл кем­шіліктерді жоюды тапсырды.