«Жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, демократиялық қайта құру процесін тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру», – деді мониторинг тобының мүшесі, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының жетекшісі Жандос Төсмағамбетов.Сонымен қатар, кеңес мүшелері Қосшыңырау ауылына қарасты дәрігерлік амбулатория мен балабақша ғимаратын тексеріп, бірқатар кемшілікті анықтады. Атап айтсақ, алғашқы көмек көрсету алгоритмі белгіленбеген, мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы жасақталмаған, арыз-шағым жәшігі ілінгенімен, жауапты маман бекітілмеген және тағы басқа. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауапты мамандарының қатысуымен кездесу, семинарлар ұйымдастырылмаған. Кеңес мүшелері мекеме басшыларына бұл кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді

246
оқылды
оқылды