Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне күдікті тәрбиеші қамауға алынды
Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне күдікті тәрбиеші қамауға алынды
Фото: tengrinews.kz
503
оқылды
3 жастағы бүлдіршінді 23 жастағы әйел ұрып өлтірген болуы мүмкін, – деп хабарлады «Хабар 24». Мәйітті тексерген дәрігерлер  жарақат іздерін байқаған. Әсіресе, басына зақым келгенін анықтады. Бүлдіршін бір жастағы інісімен тәрбиешінің үйінде тұрған. Тұратын жері жоқ анасы осындай қадамға барған. Қыркүйектің 12-сі күні өзін жайсыз сезінген бала ауруханаға жеткізілген екен. Бірақ бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Қара жамылған отбасы кінәлі жазасын алсын деп отыр. Оның айтуынша, күтуші әйел анасының қарызы үшін баласын бермей ұстап отырған. Мадина Таукенова,  бүлдіршіннің анасы: – Қарлығаш маған звондайды. Біраз ақша қарыз болып кеттің ғой деп. Қашан бересің деген соң,    кішкене шыдай тұрыңызшы,  ақша болмай жатыр дедім. Хотя расписка жазып екі баламды алайыншы дедім. Сағынып жүрмін, көргім келіп жүр дедім. Жоқ, мен ешкімге сенбеймін, бере алмаймын деп айтты.  Ешқайсысын бермейміз, пока қарызыңды жапқанша, – деді. Жанна Нүпбаева, облыстық ПД ресми өкілі: – Баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын баланы бағып-қаққан  23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бірақ кейінірек сот күдіктіге үйқамақ санкциясын берді. Қазір  Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр