MyMAIL «Есіктен – есікке дейін» жеткізу қызметі қосылды
MyMAIL «Есіктен – есікке дейін» жеткізу қызметі қосылды
1,334
оқылды
Air Astana «Есіктен – есікке дейін» MyMAIL пошта жеткізудің жаңа қызметін іске қосқаны туралы хабарлайды. Қазір  пилоттық режимде Алматы мен Астана қалалары арасында жедел поштаны жеткізу Air Astana компаниялар тобының тікелей рейстерімен қолжетімді. Жеткізу туралы өтінішті https://mymail.airastana.com/ сайтында сәлемдеменің түрі мен салмағы, сондай-ақ жөнелтуші мен алушының мекенжайы көрсетілген онлайн режимінде жасауға болады. Қызметтің құны – жөнелтетін және қабылдайтын әуежайлардан алушының мекенжайының қашықтығына байланысты. Тапсырыс нөмірі бойынша сәлемдемені қадағалау функциясы қолжетімді.
Жеткізуге қабылданатын заттар: Салмағы 5 келіге дейінгі жазбаша хат-хабар; Салмағы 5 келіге дейінгі және 35х45х15см-ден аспайтын сәлемдемелер; Құжаттардың түпнұсқасы (соның ішінде төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.).
Әуежайда қауіпті жүк пен жөнелтуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын визуалды тексеру үшін жөнелтілімдер жабылмаған түрде қабылданады. Жөнелтуге тыйым салынған заттар тізімі mymail.airastana.com сайтында жарияланған. Тұтынушылар қалауы бойынша сәлемдемесін жеткізілетін қаланың әуежайына дейін рәсімдей алады.
Анықтама үшін телефон: +7 727 270 3140, +7 727 270 3053