12 миллиард теңге жымқырған: Қайрат Сатыбалдының адвокаты мәлімдеме жасады
12 миллиард теңге жымқырған: Қайрат Сатыбалдының адвокаты мәлімдеме жасады
Фото: Экспресс К
1,459
оқылды
Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады, –  деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ол «Қазақтелеком» компаниясының қаржысын талан-таражға салып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталып жатыр. Адвокаттың сөзіне сенсек, тараптар қылмыстық іс бойынша кінәсін толық мойындап отыр. Қайрат Сатыбалдының өзі болса осындай іске барғанына өкініп, шығынды толық өтеп беруге ниет танытқан. Оның адвокаты қылмыстық іс бойынша татуласу көзделгенін сөз етті. Бірақ қылмыстық істі тоқтату бойынша әзірге арыз-шағым түсірмейтіндерін айтты. Алайда Қайрат Сатыбалдының кінәсін мойындап, шығынды өтеп беруге дайын екені  туралы құжатты іске тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қайрат Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Судья журналистерге Қайрат Сатыбалдының сот отырысынан бейне-аудио жүргізуге тыйым салды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Сатыбалдыны «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының қаражатын талан-таражға салды деген айыппен осы жылдың көктемінде қолға түсірген болатын. Шығын көлемі шамамен – 12 миллиард теңге.