Әлхамдулилла, Құдайға шүкір, амал жасап жүрмін - желіде Қайрат Сатыбалдының Самат Әбішпен сөйлескен видеосы тарады
Әлхамдулилла, Құдайға шүкір, амал жасап жүрмін - желіде Қайрат Сатыбалдының Самат Әбішпен сөйлескен видеосы тарады
720
оқылды
Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот отырысы өтті бүгін. Желіде айыпталушының бейнебайланыс арқылы туған-туыстарымен сөйлескен бейнежазбасы тарады. Видео сот отырысының басында түсірілген. Қайрат Сатыбалды інісі Самат Әбішпен, балалармен амандасып, жағдай сұрасады.
Ағасын көрген Самат Әбіштің "Әлхамдулилла, Құдайға шүкір, амал жасап жүрмін", "Сағындым сені" деген жауаптарын естуге болады. Әңгіме арасында Қ. Сатыбалды ұлына "Самат ағаңның қасында бол әрқашан, балам, онымен ақылдас, жақсы ма?" деп кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Сатыбалды Назарбаевтың балалары. Бейнебайланыстың соңында Самат Әбіш ағасының қойған "Сен бәрін түсіндің ғой?" деген сауалына "Түсіндім, брат..." деп жауап қатып, экранды жабады.