Самат Әбіш тергеу орбитасында - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Самат Әбіш тергеу орбитасында - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тергеу амалдары аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты. Алайда ол тергеу амалдары барысында Самат Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. Асқар Әмірхановтың сөзіне қарағанда, тергеу органдары Самат Әбішті жауап алуға шақыртып жүр.
«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. Самат Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек», –  деді Асқар Әмірханов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған.